Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 31-ші медаль түсті

244

0

Индонезияда өтіп жатқан Азиада ойындарында қазақстандық теннисшілердің аралас жұбы – Анна Данилина мен Александр Недовесов «қола» медальге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисшілер жартылай финалда Тайланд елінің шеберлерімен кездесті. Тартысты өткен сайыста қарсыластарына есе жіберген отандастарымыз «алтын» медальға таласу мүмкіндігінен айырылды. Осылайша, теннисшілеріміз қола медальді місе тұтты.
Еске сала кетсек, бүгін велоспорттан жекелей сында қазақстандық Алексей Луценко жеңімпаз атанып, үшінші алтынды ел қоржынына салған болатын. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы жалпы есепте Моңғолияны артқа сырғытып, 12-ші орыннан 11-шы орынға көтерілді. Дәл қазіргі есеп бойынша Қазақстан еншісінде 3 алтын, 7 күміс, 21 қола медаль бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<