Белгілі спорт комментаторы Рабат Жәнібеков өмірден озды

181

0

Фото: Kazinform

Қазақстандық спорт журналисі, комментатор Рабат Жәнібеков 82 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Рабат Жәнібеков – қазақтың тұңғыш спорт комментаторларының бірі. 1942 жылы 27 маусымда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылында дүниеге келген.

1968-2003 жылдар аралығында – 40 жылға жуық – қазақ телевизиясында редактор, спорт комментаторы қызметтерін атқарды. Бүкілодақтық спорттық шараларды қамтыды. Ол пікір білдірген алғашқы матч футболдан КСРО чемпионаты аясындағы «Қайрат» пен «Торпедо» (Мәскеу) арасындағы кездесу болды.

Ұзақ уақыт Білім және ғылым министрлігі Ғылыми-практикалық орталығының баспасөз хатшысы қызметін де атқарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<