Елімізде жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артады

883

0

 Елімізде жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік әрбір ауылдық округтегі штаттағы спорт нұсқаушыларының санын ұлғайту және олардың санын 2025 жылы 3 561 адамға дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдайды. Мектептерде спорт секцияларын ұйымдастыру және жүргізу үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы белгілеу көзделген», – деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артатындығын айтты.

«Қабылданып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде 2025 жылы ауылдық елді мекен тұрғындарының 42 пайызын дене шынықтыру және спортпен қамту жоспарланған», – деді Ақтоты Райымқұлова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<