Ерке Есмахан өзінің «өлімі» туралы ақпаратқа жауап берді

903

0

Әлеуметтік желіде әлдекімдер Ерке Есмаханның көз жұмғаны туралы ақпарат таратқан. Осыған байланысты әнші жақындарын қорқытқан бұл жайттың жалған екенін айтып, жазба жариялады.

«Бүгін менің анамды, бауырларымды, жақындарымды, достарымды, тыңдармандарымды қорқытып, осындай жалған жаңалық таратқан адамдарды бір Аллаға тапсырдым! Маған соңғы кездері айтылып жатқан сөз көп, менің көңілімді түсіру үшін, жеке өміріме араласу үшін ойына келгендерін істеп жатқандар да көп! Енді бәрін қойып, осындай қарғысқа көштіңіздер ме? Айтарға сөзім жоқ! Фанат болумен адам болуды шатастырыпсыздар!
Мен бәрібір ешкімге жамандық тілеп, өзімнің таза, пәк жүрегімді ластамаймын! Бәріңізге тек жақсылық тіледім! Аман болыңыздар!», – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айқын

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<