Ғаламшардың ең кәрі тұрғыны қайтыс болды

384

0

Фото: ашық дереккөз

Францияда жер шарының ең қарт тұрғыны Люсиль Рандон сейсенбіге қараған түні 118 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ол тұрған қарттар үйінің ресми өкілі мәлімдеген.

Люсиль Рандон 1904 жылы 11 ақпанда Францияда дүниеге келген. Ол 2022 жылдың 26 сәуірінен бері планетаның ең қарт тұрғыны болып саналады.

Рандон жас кезінде губернатор болып жұмыс істеген. 41 жасында монах болып, 28 жыл бойы Виши қаласындағы ауруханада жұмыс істеді. Онда жетімдер мен қарттарға көмектесті. 1979 жылы ол Савойдағы монастырьға қызмет етті. 2009 жылдан бері Люсиль Рандон Тулондағы қарттар үйінде тұрған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<