Иранда Қазақ күресі федерациясы құрылды

691

0

Биыл Қазақ күресінен Азия чемпионатын өткізу ережесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Қазақ күресі халықаралық қауымдастығының президенті Қанат Бозымбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
  «Биыл Қазақ күресінен Азия чемпионатын өткізу ережесіне бірқатар өзгерістер енгігіздік. Тәжірибелік ереже бойынша Еуропа чемпионатын өткізген едік. Сол секілді ендігі кезекте Азия чемпионатын ұйымдастырамыз. Басты өзгерістердің бірі – бұдан былай балуандар боз кілемге күрескенде киетін аяқ киіммен емес, жалаң аяқ шығады. Жабынды (боз кілемнің жабындысы – авт.) өзгертілді. Біз оның тығыз бола түскенін қалап отырмыз. Осылайша, бұл өзгеріс күрестің көркін қыздыра түседі. Осының есебінен жабынды қатты бола түседі де, бұл күрестің көркін қыздырмақ. Үшіншіден, боз кілемде белсенділік танытпаған балуанға 30 секунд қана уақыт беріледі», – деді Қанат Бозымбаев. 
  Ол сонымен бірге, Қазақ күресін әлемдік деңгейдегі спорт түрлерінің қатарына енгізу бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді. «Біз жоспар бойынша Қазақ күресін танынатын ұйымдардың санын жақында ғана Иранда Қазақ күресінен ұлттық федерация ашылды. Иран федерациясы қазірдің өзінде балалар секцияларын ашып, өз клубтарында Қазақ күресін насихаттау жолында барын салып жатыр. Қазақ күресі туралы билбордтар ол жақта көптеп ілініп те қойған. Жоспарда Қазақ күресінен Иран ұлттық чемпионатын өткізу, оған Тегеранның балуандарын шақыру, оқу бағдарламаларын әзірлеу үшін қазақстандық мамандарды жолдау бар. Осы жылы сонымен бірге, жақын шетелдерде, соның ішінде Ресей мен Өзбекстанда Қазақ күресінен оқу өткізуді көздеудеміз. Ол елдерде қаақ диаспораларының өкілдері Қазақ күресінен үйірмелерді ашуға күш салуда», – деді ол. Еске сала кетсек, бұған дейін 26 тамызда Астанада «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтетінін хабарлаған болатынбыз. Чемпионатқа 11 мемлекеттен 77 спортшы қатыспақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<