Экологияны сауықтыруға арналған

447

0

Нақты кезеңде «Қызылорда» және «Әйтек» су тораптарында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, облыс аумағында Сырдария өзені арқылы 6 тасқын және қашыртқы суды жинайтын жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Бұл су ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді және вегетациялық кезеңде оның тапшылығының алдын алады.


Осы жайында өңірлік коммуни­кациялар қызметінде өткен бри­фингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайда­лануды реттеу басқармасы басшы­сының орынбасары Бауыржан Оспанов айтты.


– Соның ішінде, Қараөзек арна­сын­дағы 3 тоспаны (Байгелді, Картон­комбинат, Қожатай) қал­­пына келтіру жо­басының құжат­тамалары биыл мем­­лекеттік сараптамадан өткен соң Эко­ло­гия, геология және табиғи ресурс­тар министрлігімен бірлесіп, оны бастау бо­йынша жұмыстар атқарылатын болады.


Бүгінде Арал ауданындағы «Қамыстыбас-Ақшатау» көлдер жүйесінде күрделі жағдай қалыптасып отырғаны мәлім. Кейінгі жылдары Сырдария өзенінде су деңгейінің төмен болуына байланысты Қамбаш көлі жағадан 200-300 метр алыстап кеткен. Кей тұстары 500 метрге жеткен. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтің об­лысқа жұмыс сапары кезінде «Қамыстыбас-Ақшатау» көлдер жүйесін суландыру үшін Аман­өткел ауылының тұсында су торабын республикалық бюд­жет есебінен салу мәселесі келісілді. Жобаның техникалық-эко­номикалық негіздемесін әзірлеуге 13,8 млн теңге қаржы бөлінді, – деді Б.Оспанов.


Айта кететін жайт, аймақтың су тапшылығы жағдайында ел­ді мекендерді суармалы су­мен қам­тамасыз етуге және эко­логиялық жағдайды жақ­сар­туға бағытталған бірінші кезектегі жо­баларды іске асыру үшін министрлік пен облыс әкімдігі арасында Жол картасының жо­басы әзірленгені белгілі. Ол бойынша жалпы құны 47 млрд теңгені құрайтын 17 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Негізгі басым­дық қосымша су көздерін ұлғайту, суды қайталама пайда­лану және экологияны сауық­тыруға арналған жобаларға берілді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<