Кеңестің кезекті отырысы өтті

666

0

Кеше облыс әкімінің орынбасары М.Жайымбетовтың төрағалығымен құрылыс нысандарының жобаларын қарау жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Шиелі ауданының әкімі Н.Мақұлбеков ауданның әлеуметтік дамуына үлес қосатын 65 жобаны ұсынды.

Атап айтсақ, Байсын және Жансейіт елді мекеніндегі ескі жағдайдағы мектеп, Сұлутөбе ауылындағы өнер мектебінің құрылысы, Жөлек ауылындағы балабақша құрылысы, абаттандыру, кәріз су жүйелерімен қамтамасыз ету, дәрігерлік амбулатория құрылысы, кітапхана, спорт клубтары мен стадиондар, ойын алаңдары, газдандыру, ауыз су, жол мәселелері көтеріліп, өзара талқыланды.

Осы ретте, облыстық мәслихат депутаттары Т.Шаутай, М.Нәлібаев, Б.Дүйсенбек ұсынылып отырған жобалардың маңыздылығына тоқталып, қолдау қажеттігін және назарға алуын сұрады.

Облыс әкімінің орынбасары М.Жайымбетұлы білім, мәдениет, спорт, жалпы әлеуметтік саланың дамуы үшін жұмыс жасалатынын айтты. Дегенмен, бірінші кезекте тұрғындарға ауыз су, газ, жол инфрақұрылымдарын жеткізу мәселелерін шешу кезек күттірмейтінін, сондай-ақ, көтеріліп отырған мәселенің өзектілігіне қарай бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалу керектігін жеткізді.

Айта кету керек, ауқымды жобалар республикалық бюджеттен және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаржыландыруға жіберілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<