Көл бетінде шабақ шапшып

344

0

Көл бетінде шабақ шапшып Балық қорын молайтуды көздейтін инспекция мамандары су айдындарына балық жіберуді бастап кетті.
Су объектілеріндегі балық шаруашылығын мелиорациялау жұмыс­тарына балықтардың қырылуына қарсы іс-шараларды жүргізу, соның ішінде қыс мезгілінде мұз шұңқырларын бұрғылау және мұзойықтарын ою жатады. Сонымен қатар, қатты өсімдіктерден тазалау, балықтардың уылдырық шашу жерлеріне өтуін қамтамасыз ететін түптерді тереңдету және жасанды уылдырық шашу жерлерін жайластыру, балықтың қырылу қаупі бар бөлшектенген су айдындарынан оларды қорғауға алу қажет.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және балық шаруашылығын жүргізіп отырған табиғат пайдаланушылармен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын күріштік алқаптардан, қашқан су айдындарынан көптеген балық түрлерінің шабақтары акт жасалып, бейне-суретке  түсіріліп, көлдерге жіберіледі. Мысалы, былтыр Қазалы ауданы «Мақсатбай» ШҚ-мен Өркендеу ауылының күріштік алқабынан 12800 дана дөңмаңдай, 13500 мөңке, 1130 ақ амур, 8650 сазан және 6900 дана торта шабақтары «Ақкөл-Ердес» көліне жіберілді. Адам ағзасындағы витаминдерінің  60 процентін құрайтын құнды байлығымызды құтқару бүгінгі күні де жалғасын табуда.

Р.СЕЙТМҰРАТОВ,
облыстық орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының бөлім басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<