Мал шаруашылығын дамыту басты назарда

315

0

Мал басында да өсім бар. Мал басының басым бөлігі, яғни 69 ппроценті жеке тұлғаларда, 3 проценті ауылшаруашылық кәсіпорындарында, ал 28 проценті шаруа қожалықтарының үлесінде.
«Нәтижелі жұмыспен және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 6 айда 19 жеке кәсіпкер 62 млн. теңге несиеге 155 бас мал сатып алды.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында 8 шаруа қожалығы 51 млн. теңге несие алып, 248 бас мал алды.
– Мәселен, Шәкен ауылдық округінен Нұрлыбек шаруа қожалығы 2,5 млн теңге несиеге 88 бас аналық қой 5 бас а.т.қошқар, Аяп шқ 5,2 млн теңге несиеге 11 бас аналық бие 2 бас а.т.айғыр сатып алды. Ғ.Мұратбаев а/о-нен Дархан шқ 4,0 млн теңге несиеге 1 бас а.т.бұқа 12 бас жылқы сатып алды. Сарбұлақ а/о-нен Шамұратов шқ 10,0 млн теңге несиеге 31 аналық бие 2 бас а.т.айғыр, Алға а/о-нен Қоғалы шқ 4450,0 мың теңге несиеге 11 бас аналық бие 2 бас а.т.айғыр, Басықара а/о-нен Бақыт шқ 15,0 млн теңге несиеге 41 бас аналық бие 6 бас а.т.айғыр сатып алды.
Бірлік а/о-нен Шакизада шқ 6,0 млн теңге несиеге 33 бас  аналық сиыр 2 бас а.т.бұқа сатып алды. Аранды а/о-нен Асан шқ 2,5 млн тңге несиеге құжат тапсырып шешімі енді шығады. Несиесін алса 8 бас аналық сиыр 1 бас а.т.бұқа алады. Әйтеке би кентінен Рыстығұл О шқ 4,0 млн теңге несиеге 11 аналық бие 1 бас а.т.айғыр сатып алды, – деді Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаев.
Бұдан бөлек, «Сыр маржаны» ЖШС тарапынан 500 бас  және «Манай» ЖШС тарапынан 300 бас қалмақ тұқымды ірі қара малы алыну жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<