«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

380

0

«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты «Мейірім» Бастауыш партия ұйымында «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Мектепке жол» акциясы шеңберінде «Біз мектепке барамыз» атты мерекелік шара өтті.
Шараға «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Маханбет Патима, «Мейірім» бастауыш партия ұйымының төрайымы Бердиева Гүлмира және ата-аналармен бүлдіршіндер қатысты.
Шара барысында аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Патима Шаймерденқызы бүлдіршіндерге жылы лебізін білдіріп, осы орталықтан мектепке жолдама алған 6 балаға мектепке қажетті құрал-саймандар табыстап, сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<