Мемлекеттік қызметке орналастыруға уәде берген

345

0

Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті тұрғынның арызы бойынша 27 жастағы азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Ол мемлекетік қызметке орналасуға көмектесуге уәде беріп, 672 мың теңге көлемінде 2 дана ұялы телефондарын несие арқылы рәсімдетіп алып, алдап кеткен.


Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.


Қызылорда қалалық полиция басқармасы азаматтарды алаяқтық жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты сақ болуға шақырады.

Қызылорда қалалық полиция

басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<