Қоғамдық кеңесте өзекті мәселелер талқыланды

253

0

Жаңақорған ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен Жаңақорған аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді.
Кеңес отырысына Қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды кеңес төрағасы С.Ысқақов ашып, жүргізіп отырды. Кеңес отырысында Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы кейбір мәселелер туралы хабарлама жасаған Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғ.Ілкібаев аудандағы мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелерге инспекциялау барысында анықталған кемшіліктерге тоқталса, Жаңақорған ауданындағы мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаттарын сақтауы туралы Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қ.Әбілдаев хабарлама жасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<