«Қайсар» футбол орталығында жаңа басшы

632

0

Белгілі жаттықтырушы, халықаралық деңгейдегі төреші Акмалхан Холматов «Қайсар» футбол клубының жасөспірімдер футболын дамыту жөніндегі директордың орынбасары қызметіне тағайындалды.

Акмалхан Бекмұратұлы 1968 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби футболшы. 1986-1996 жылдары «Қайсар» және «Ордабасы Скиф» командаларында доп тепкен. Кәсіби мансабын аяқтаған соң бапкерлік қызметке ден қояды. Мамандандырылған балалар мектебінде аға жаттықтырушы қызметін атқарған. 1999-2016 жылдары төрешілік қызметке бет бұрып, Қазақстан премьер-лигасында қызмет көрсетті. 4 мәрте еліміздің ең үздік төрешісі атанған. Сонымен қатар Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының төрешілер департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Клуб ұжымы Акмалхан Бекмұратұлының жаңа қызметіне табыс тілейді!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<