«Қайсар» қарсыласын ірі есеппен жеңді

634

0

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 23-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турды Қызылордада жергілікті «Қайсар» және «Байқоңыр» командалары түйіндеді.

Турнир кестесінде «Қайсар» екінші орында келеді. Премьер-лигаға жолдама алуды көздеп отырған команда әрбір турда жеңіске жетуге бар күшін салып келеді. Бұл жолы да сол үрдісінен жаңылған жоқ.

Ойын барысында «Қайсар» сапынан Артем Дылевский, Елизей Горизанов, Әділбек Жұмаханов, Жоао Педро Оливейра мергендігімен көзге түсті.

Осылайша «Қайсар» қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, көш бастап келе жатқан Көкшетаудың «Оқжетпесі» аталған турда өз алаңында Жамбыл облысының «Тараз-Қаратауын» 6:1 есебімен сүріндірсе, үшінші орындағы Талдықорғанның «Жетісуы» сырт алаңда Шымкенттің «Академия Оңтүстікті» 6:0 есебімен жеңді.

Ал Жамбыл облысының «Игілігі» Шымкенттің «Қыранынан», Түркістанның «Яссы» клубы Астананың «Жеңісінен» 2:1 есебімен басым түссе, «Шахтер-Болат» (Қарағанды) мен «Екібастұз» (Павлодар облысы) 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Аталған турдағы «Астана жастар» мен «Қайрат-Жастар» кездесуі 17 қазанда өткізіледі.

Енді 24 тур ойындары 21 және 22 қазан күндері болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<