Құрмет көрсетілді

285

0

Фото: Арал ауданы

Айналаңның әсем, мұнтаздай таза болғаны әрдайым көңіл қуантады. Күннен-күнге көркейіп келе жатқан өңірімізде тазалық жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Ызғарлы қыс, аптап ыстық, көктемнің жаңбыры мен күздің қара суығына қарамастан тазалықшы аға-апаларымыздың жұмысы тоқтаған емес. Олардың өлшеусіз еңбектеріне қандай құрмет көрсетсек те жарасымды.

Осы ретте бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында күннің ыстығы мен суығына төзіп, қолайсыз ауа-райында да қала аумағының тазалығында жауапты қызмет атқарып жүрген бір топ әйелдер қауымына ыстық ықыласын білдіріп, сый – құрмет көрсетті.

Аудан басшысы еңбек адамының қашанда еңсесі биік екенін тілге тиек етіп, бүгінгі қоғам өміріне салмақты үлесін қосып жүрген нәзік жандылардың еңбектеріне риясыз алғысын білдірді.

Арал ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<