Құрметті облыс тұрғындары және қонақтары!

589

0

«Дүниежүзілік туризм күні» 1979 жылы Испания мемлекетінде Бүкілдүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясымен бекітіліп, жыл сайын 27 қыркүйек күні атап өтіліп келеді. Мерекенің мақсаты – туризмді насихаттау, оның әлемдік қауымдастықтың экономикасына қосар үлесін айту, әртүрлі елдер халықтарының арасындағы байланысты дамыту болып табылады.

Осы орайда, саяхатшылар мен туризм саласындағы кәсіпқой қызметкерлерді осы мерекемен құттықтаймыз! Өңіріміздің туризм саласы жолындағы кәсіби қызметтеріңізге табыс, зор денсаулық тілейміз! Алдағы уақытта, сала барысындағы еңбек тәжірибелеріңіз бен біліктіліктеріңізді аймақтың туристік саласының дамуы үшін жұмсай беретіндеріңізге сенімдіміз.

Сондай-ақ, құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Бұған дейін хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Басқармамен облыстың қолөнер шеберлеріне арналып «Қолөнер – асыл қазына» көрме-фестивалі өткізілу жоспарлануда. Шараның басты мақсаты – қазақ халқының этно-мәдени ерекшелігіне өзіндік қызығушылығын тарту. Мәдениет пен туризмнің тарихи эволюциясы жолдарының бірегейлігін одан әрі дамытудағы көзқарастың жаңа әдістерінің ортақтығын анықтай отырып, өңіріміздегі этнотуризмнің дамуына өзіндік үлес қосу болып табылады.

Осы орайда, сіздерді аталған шараның құрметті қонағы болуға шақырамыз! Өткізілетін орны: Қызылорда қаласы, «Теміржол» саябағы. Басталу уақыты: 10:00 (жергілікті уақытпен). Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (7242) 40-10-56.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<