Өрт-тактикалық жаттығу өтті

311

0

  Абылайхан атындағы жоғары колледжінде өрт-тактикалық жаттығу өтті.

 Тактикалық ойынға сәйкес 4 қабатты колледж ғимаратына жапсарлас салынған шағын қазандықта жарылыс болды. Өрт салдарынан кіші қазандықтың ғимараты толығымен, сондай-ақ оңтүстік-батыс жағында сыртқы қаптамасы жанған. Осылайша дәліз арқылы колледждің аудиториялары мен қызметтік кабинеттеріне таралу қаупі төнген. «112» нөміріне хабарланғаннан кейін жеке құрам оқиға орнына жедел шықты.

Оқиға орнында жедел штаб пен жауынгерлік учаскелер құрылып, өрт сөндіруді басқарудың бағыты анықталды. Мұнан соң адамдарды құтқару және өртті жою бойынша іс-қимылдар пысықталды. Нәтижесінде ғимаратта қалған 3 зардап шегушіні өрт сөндіру автосаты арқылы құтқарды.

Жаттығудың негізгі мақсаты білім беру мекемелеріндегі шартты өрт оқиғасы кезінде өрт сөндірушілердің жауынгерлік іс-әрекеттерін жетілдіру, тәжірибелік біліктілігін арттыру және күштер мен құралдардың өзара әрекеттесуін пысықтау.

Оқу-жаттығуға 41 қызметкер, 9 бірлік техника жұмылдырылды. Қызмет бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Ибрагимов оқу-жаттығуды қорытындылап, өрт сөндіру бөлімшелері мен нысан қызметкерлерінің біріккен іс-әрекеттеріне оң баға берді.

Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<