Студенттер академиялық демалысты ХҚКО арқылы рәсімдей алады

257

0

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына толықтыру енгізілуіне байланысты білім беру мекемелерінде оқитын азаматтарға академиялық демалыстарды ұсынуға қатысты өзгерістер жүзеге асады.

«Бұрын студенттер демалысын рәсімдеу үшін өзі оқитын жоғарғы оқу орнының кеңсесіне өтініш жазу керек болатын. Енді мұндай өтінішті қалалық ХҚКО-ға қалдыруға болады», – деп мәлімдеді Астанадағы Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев.

Құжаттарды қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру таңдау бойынша: қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы жүзеге асады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<