Танысының басын кесіп, көшеде алып жүрген: Қостанайлық қылмыскерге үкім шықты

557

0

Қостанай облысының тұрғыны танысының басын кесіп алып, көше бойында шелекке салып жүрген. Сот үкімі бойынша оған қатаң жаза кесілмек, деп хабарлайды Egemen.kz

Жантүршілгерлік жайт былтыр 3 желтоқсан күні Рудный қаласында болған. Оқиғаның мән-жайы былай өрбиді. Екеуі ішімдік ішіп, соңы кикілжіңге ұласады. Жанжалдың нәтижесінде 31 жастағы ер адам, 68 жастағы танысының мойнына пышақ сұғып алады. Егде жастағы ер адам алған жарақаттарының салдарынан сол жерде қайтыс болады.

«Сотталушы сол күні танысының пәтерінде алкогольдік ішімдік ішкен. Түнде екеуінің арасында жанжал туындап Б. есімді күдікті ас үй пышағымен жәбірленушінің мойын тұсынан бірнеше жерге пышақ жарақатын салады. Содан соң басын кесіп алған. Кесілген басты шелекке салып жәбірленушінің үйінен шығып кетеді. Алайда полицияға ерікті түрде өзі хабарласып кінәсін мойындады», делінген сот хабарламасында.

Сотталушы 99-баптың 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Сотталушының  бұрын сотты болмағынын ескеріп, сондай-ақ ерікті түрде полицейлерді шақырып кінәлі екенін мойындағаны үшін сот оны қатаң режімдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 16 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар сотталушыға алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емдеу тағайындалды. Бұдан бөлек, жәбірленушінің жалпы сомасы 2329814 теңгені құрайтын талабын өтеп беру толығымен қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне әлі ене қойған жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<