Виктор Цойдың белгісіз әні жазылған қолжазба аукционға қойылды

227

0

Музыкант Виктор Цойдың өлімінен кейін пәтерінде табылған достарының телефон нөмірі жазылған ескі дәптер мен екі әннің сирек қолжазбалары сатылымға шығарылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
  Сатылым 26 қыркүйекке жоспарланып отыр.  Осыған дейін Avito сайтында Виктор Цойдың паспорты мен жеке құжаттары сатылатыны жайлы хабарлама жарияланған болатын. Құжаттың иесі 3,5 миллион рубль сомасында сатылымға қойып, кейіннен хабарламаны өшіріп тастаған. «Литфонд» аукцион үйінің бас директоры Сергей Бурмистров ол адам сатылым жариялайтын үймен байланысқа шыққанын айтты.  «Жоспар бойынша 26 қыркүйекте сатылым жариялаймыз. Танымал Виктор Цойға қатысты төрт лот сатылымға шығатын болады. Олардың барлығы өте сирек мұрағаттан табылған. Цойдың мұрағатынан табамыз деп күтпеген жеке совет одағынан келе жатқан төлқұжаты бар. Бастапқы сатылым бағасы 2,5 миллион рубль. Екінші телефон жазбасы, оның ішінде Цойдың жақын араласқан танымал достарының аты-жөндері мен нөмірлері сақталған. Табылған тағы бір мұрағаты ол әндерінің сирек қолжазбасы. Әзірше анықтағанымыздай бір әні әлі жарыққа шықпаған, ал екінші әні басқа басылымда танымал», – дейді Бурмистров.
 Оның айтуынша, сирек жазбаларды тауып алған адам Виктор Цоймен жас кезінде араласқан. Екеуі бірге Рубинштейн көшесіндегі рок-клубта өнер көрсетіп, оның үйіне бірге қайтқан. Танымал әншінің төлқұжаты Виктор Цойдың 1990 жылы қайтыс болғанынан кейін табылған.  «Менің ойымша, Цой сол кезде құжатын жоғалтып алып, жаңа құжат жасатқан. Цойдың өнерін бағалайтындарға таптырмас зат», – дейді Сергей Бурмистров.  Виктор Цойдың нөмір телефоны жазылған ескі дәптері 500 мың рубльге, ән жазбасы 250 мыңға бағаланып отыр. Сонымен қатар, Сергей сатылым жариялаған үйдің табыстың 10 пайызын алатынын айтты. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<