ҚЫЗЫЛОРДА: 21 ТОННА ҚҰРБАН ЕТІ ТАРАТЫЛДЫ

237

0

Күллі мұсылмандардың ұлық мерекесі, Құрбан айт мейрамының басты рәсімдерінің бірі – Алла Тағала разылығы үшін құрбан шалу.

Осыған орай, Сыр өңіріндегі ҚМДБ-ға қарасты мешіт қызметкерлері аймақ халқына құлшылықтарын орындауға көмектесіп, құрбан еттерін үлестіруге атсалысты.

Қызылорда облысы бойынша шамамен 21 тонна 317 кг Құрбан еті әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 4608 отбасыға және үш мекемеге (Қарттар үйі», «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылы, Психоневрологиялық балаларды оңалту орталығы) үлестірілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<