Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан 14-ші азаматтың кім екені анықталды

710

0

26 тамыз күні Жамбыл облысы  Байзақ ауданында болған жарылыста қаза тапқан, күні кеше денесі табылған 14-ші азаматтың кім екені анықталды. Бұл туралы журналист Ирина Советжанқызы Instagram парақшасында жазды.

– Бұл Саят Әлімбеков, офицер-майор. Кеше апат орнынан 14-ші адамның денесі табылды деген ақпарат тарағанымен, кім екені айтылмады. Кеше түс кезінде табылған азамат — офицер-майор Әлімбеков Саят Жанатұлы. 1985 жылғы. Ол 28349 әскери бөлімінің офицер-майоры екен. Саяттың артында үш баласы қалды, үлкені 6 сыныпқа барады, жалғыз ұлы биыл 1 сыныпқа аяқ басады екен. Марқұмның достары, қызмет бабында опат болған азаматтың аты-жөні айтылмай жатқанына наразы, – деп жазды ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<