Жас қызметкерлер музейге экскурсия жасады

387

0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің бастамасымен департаментке қарасты мекемелердің  жеке құрам арасындағы жас қызметкерлерді патриоттық және рухани- эстетикалық тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау мақсатында Қызылорда облыстық тарихи- өлкетану музейіне  экскурсия ұйымдастырылды. 

Жас қызметкерлер тарихы терең музейде өлкеміздің табиғаты, өнері, тарихы, мәдениеті жайлы сыр шертетін 14 залын аралады. Мұражай қызметкерлері музейдің экспозициялық залдары бойынша музей қорындағы құнды экспонаттар мен музей тарихынан толық мәліметтер көрсетіп, кеңінен мағұлмат берді.
Музей экспонаттары – халық тарихы мен өнерін қамтитын талай замандардың тірі куәлары Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани мекемеден жас қызметкерлер тамаша  әсер алып қайтты.

Дана Достанова,

Қызылорда облысы бойынша 

ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<