Жоғалған әмиянын үйлену тойы күнінде тапты

285

0

Жоғалған әмиянын үйлену тойы күнінде тапты Астана қалалық ІІД табылған заттар бюросына көлігінен ақша мен құжаттар салынған әмиян тауып алған елорда тұрғыны жүгінген. Бұл жайында Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Құрманғалиевтің айтуынша, таяуда түн ішінде жас жігітті діттеген жеріне жеткізген. Ол көліктен түскен кезде құжаттары, банк, дисконт карталары мен ақшасы салынған әмиянын қалдырып кеткен. Жүргізуші белгісіз адам қалдырып кеткен әмиянды Астана қалалық ішкі істер департаментінің табылған заттар бюросына апарып тапсырған. Бюро қызметкері Ирина Руденко тіркеу деректері арқылы әмиян иесі Әсет Сапаржановтың байланыс телефонын тапқан. Әсеттің ұялы телефонына қоңырау жалған бюро қызметкері әмиянының табылғанын хабарлаған. Әсет Сапаржановтың сөзіне қарағанда, құжаттары мен ақшасы салынған әмиянын дәл үйлену тойы күнінде қайтарып берген. Ол мұны жақсылыққа балап, отбасылық өмірінің бақытты боларына сенімді. Әсет адамгершілік танытып, жоғалтып алған әмиянын ақшасымен бірге қайтарған жүргізушіге, жедел әрекет жасаған полиция қызметкеріне ризашылығын білдіреді. Астана қалалық ішкі істер департаментінде табылған заттар бюросы жұмыс істейді. Бұл бөлімге табылған заттармен қатар жоғалған түрлі құжаттар туралы ақпараттар да түсіп отырады. Айта кетерлігі, жоғалған құжаттарды қайта қалпына келтіру үшін қажетті анықтаманы бюро тегін береді. Астана қалалық ІІД табылған заттар бюросы Бейбітшілік көшесі 19 үйде орналасқан. Жұмыс кестесі: 08.30 – 18.30, түскі үзіліс – 12.30 -14.30. Жұмыс телефоны: 95-15-49.    

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<