Жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жолаушы көз жұмды

525

0

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының 430-шақырымында Chevrolet Cobalt жеңіл автокөлігі мен «Погрузчик» техникалық көлігі соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соқтығысқан жүк тиегіш көлігі жол жиегіне құлаған.

Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<