Елбасы жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен кездесті

423

0

  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда сайты.
«Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Әбдіжәміл Нұрпейісов мәдениет саласының қазіргі жағдайы жөнінде пікір алмасып, отандық әдебиетті одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады», – делінген хабарламада.
 Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов – қазақ әдебиетіне орасан зор үлес қосқан танымалы кеңестік және қазақстандық жазушы әрі аудармашы. Ұлы Отан соғысының ардагері. 22 қазанда оның жасы 94-ке толды.  Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы әлемнің 30 аса тіліне аударылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<