Көшіп жатқан ерте-кеш, асылы адам керуен-ді

486

0

Аспан – садақ, ажал – оқ,
мысалы, Алла – мергенді.
Жер – омақа, біз– қоян,
етуге әл жоқ ербеңді.
Сұм нәпсі үшін сонда да,
қоймаймыз құлаш кергенді.
Кетіреміз кеуілден,
күні кеше көргенді.
Бұл жаһанды билеуге,
неше мың сан ер келді.
Біткен соң тағдыр, бәрі де,
аманат жанды Берген-ді.
Ажалдан аман қалған жоқ,
бергенмен жинап, тергенді.
Арман жоқ сегіз пейішке,
ете қойсақ серуенді.
Көшіп жатқан ерте-кеш,
асылы адам керуен-ді.
Ақырын ойлаған дананың сөзі. Шындығында мына жалғанға мәңгілікке келгендей болып жүретіндерге яғни, ақиретін ойламайтындарға арналғандай. Ажалдың оғы қай күні, кімге тиерін Жаратушының өзінен басқа тірі жан білмейді. Сондықтан бауырластарын ғапылдықтан от баспауға шақырады. Осы өлеңнің әрбір жолынан мол өнеге аласың және тапшы ақылыңа ақыл қосуға көмегі зор. Ел басқарған талай ерлер келіп, уақыты жеткенше қызметін жасап, өлшеулі демі біткенде тақ түгілі бауырын тастап, жарық дүниеден ғайып болғанын еске салады.
Мына жалғанда ұмытылмастай атыңды сақтайтыны жасаған жақсылығың, жалған жерде жамандық жасалғанмен ондай жанның атағы өзімен бірге көмілетінін айтады. Жақсылықтың жолы ұзақ,барар жері алыс екенін, жамандықтың қадымы қысқа,барар жері жоқ екенін өсиет етеді.

Берік САЙМАҒАНБЕТОВ,
жыршы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<