275 шақырым жол жөндеуден өтті

484

0

Облыста жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3420 шақырым. Оның 1016 шақырымы – республикалық,  555 шақырымы – облыстық, 1849 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Жалпы, жыл басынан бері 275 шақырым  көшелер мен жол желілері жөндеуден өтті.

Нақты кезеңде  372 шақырым автомобиль жолдары мен көпір өткелдерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Бұл  жөнінде  өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерқыран Жалғасбаев айтты.

– Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында автожол құрылысына, оның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керектігі айтылғаны мәлім. Осыған сәйкес, 2025 жылға дейін облыстық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі индикаторлық көрсеткішін 95 пайызға жеткізу міндеттелді. Бүгінгі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 188 шақырым жол салынды. Ал «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 63 шақырым көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 82 пайызға жеткізу жоспарлануда. Аймақта жолаушылар тасымалы саласында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, облыс аумағындағы 212 елді мекенді, ауданды және облыс орталығымен байланыстыратын 205 қоғамдық көлік халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар «Korkyt Ata» әуежайына демеуші есебінен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді басқарма басшысының орынбасары.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<