Телефондағы қандай хабарламаларды жойып отыру керек?

218

0

«Цифрлық платформалар» автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды жою керектігін айтты, деп хабарлады РИА Новости.    

Сонымен, телефоннан парольдер туралы ақпаратты, жеке деректерді, сондай-ақ адам беделіне зиян келтіруі мүмкін хабарламаларды мүмкіндігінше жойып отыру керек. Қызмет көрсету хабарламаларын, авторизация кодтарын және уақытша парольдерді де жою қажет.

Сондай-ақ, қосымшалар жұмыс істеу үшін көбіне байланыс тізіміне және SMS-хабарламаларға кіруге рұқсат беруді талап етеді.

«Алайда вирустар арқылы SMS-ке жылдам қол жеткізу немесе телефонның резервтік көшірмесін қашықтан қалпына келтіру сияқты осы және басқа жағдайлар SMS қоржынын ең осал кеңістікке айналдырады», – деп ескертті сарапшы.

Банктер мен интернет-сайттар ұсынатын парольдер әдетте әрі кеткенде бір минут жұмыс істейді. Алайда алаяқтар оларға қол жеткізіп, сіздің аккаунтыңызға кіруі мүмкін.

Щельцин осы тәуекелдерді барынша төмендету үшін қосалқы көшірмелер жасауға, телефонды жоғалтпауға және SMS хабарламаларды қадағалауға кеңес береді.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз