8000 доза вакцина жеткізілді

582

0

Бүгінде әлемде, соның ішінде біздің елде де қауіпті індетпен күрес жалғасуда.

Өңірдегі эпидемологиялық ахуалға тоқталар болсақ, індет тіркелгелі бері коронавирус инфекциясын жұқтырған 23019 науқас тіркелді. 24 қаңтардағы мәлімет бойынша 124 жағдай анықталды. Қазіргі кезде облыс «қызыл» аймақта. Инфекциялық стационарда 368 науқас, реанимациялық төсек-орында 23 науқас ем қабылдап жатыр (жүктеме 26%).

– Өздеріңізге белгілі, індетті ауыздықтар бір ғана жол бар, ол – вакциналау. Вакциналау жұмыстары 2021 жылдың 1 ақпанында басталды. Қазіргі кезде облыс азаматтарын вакциналау жұмыстары жалғасуда. Егу науқанына аймақта 106 екпе кабинеті, оның ішінде аудандарда 91 кабинет тартылды. Бұдан басқа, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде (ірі сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар және басқалары) КВИ-ға қарсы вакциналау жүргізу үшін оқытылған медициналық персоналмен жасақталған және арнайы тоңазытқыш жабдығымен жарақтандырылған арнайы орындар бар, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Облыста вакцинаның 1 компонентімен егілгендер саны – 419057, яғни, халықтың қамтылуы 92,6 процентті құрады. Екінші компонентін  397170 адам алды, ол – 87,8 процент.

Pfaizer вакцинасымен 22333 адам (жасөспірімдер – 18195, жүктілер – 1538, бала емізетін аналар – 2242) қамтылды. Сонымен қатар бүгінде 39537 тұрғын ревакциналаудан өткен.  Оның ішінде 1265-і  Pfaizer вакцинасын салдырған. 23 қаңтар күні ДСМ бөлінісіне сәйкес аймаққа 8000 доза «Спутник лайт» вакцинасы жеткізілді. Қазіргі кезде облыс бойынша 20 медициналық мекемеде (соның ішінде қала бойынша 11, аудан бойынша 9 медициналық мекеме)  егу жұмыстары сағат 09.00 мен 18.00 аралығында  жүргізілуде.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<