«Абай әлемі» әдемі әсерге бөледі

1474

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында ұлы ақын, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, аудармашы, сазгер Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай әлемі» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кешті зиялы қауым, БАҚ өкілдері және кітапхана оқырмандары келіп тамашалады.

Іс-шарада облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов сөз сөйлеп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы төрағасы Қаршыға Есімсейітова ұлы Абайдың танымалдығын арттыру, бай мұрасын, өмірі мен шығармашылығын насихаттау жалғаса беруі тиіс екенін айтып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

Осыдан 3 жыл бұрын 10 тамыз «Абай күні» деп аталып, мерекелік күнтізбеге енгізілген еді. Мерекелік кеште ұлы ақынның өлеңдері оқылды. Іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтар Абайдың шығармашылығымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.

Кеш барысында Л.Хамидидің «Абай» операсынан «Ажардың жоқтауы», «Абайдың ариясы», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Көзімнің қарасы», «Әсемпаз болма әрнеге» сынды әндері орындалып, қара сөздері жатқа оқылды.

Іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтар Абайдың шығармашылығымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Абай күніне арналған «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай» атты кітап көрмесі, сирек кітаптар қорындағы ақынның шығармалары және сахналанған Абай бұрышы оқырман назарына ұсынылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<