Абай облысының тұрғындары жазушы Медеу Сәрсекені ақтық сапарға шығарып салды

211

0

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Абай облысының тұрғындары қазақ ғылыми-фантастикалық әдебиеті жанрында өшпес із қалдырған, драматург, қоғам қайраткері, Абай облысының еңбек сіңірген азаматы Медеу Сәрсекемен қоштасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның әдебиеттегі алғашқы қадамы 1955 жылы басталып, 1959-1965 жылдары қазақ тілінде бірқатар ғылыми-фантастикалық повестер мен эсселері жарық көрді. «Жетінші толқын» шығармасы бірнеше рет 100 мың данамен қайта басылып, КСРО-да кеңінен танымал болды. Осы басылымдардың арқасында жазушы КСРО Жазушылар одағына қабылданды (1962). Қазақ әдебиеті тарихында Медеу Сәрсекеге дейін ғылыми-фантастикалық жанрдағы жазушы болмаған, сондықтан сыншылардан «Қазақ фантастикасының пионері» атағын алды.

Медеу Сәрсеке жас сахнагерлердің бірнеше ұрпағын тәрбиелеген тәлімгер, әрі ұстаз болды. Оның қазақ ғылыми-фантастикалық әдебиетінің дамуына қосқан үлесі мәңгі есте қалады.  

Медеу Сәрсеке 1936 жылы 2 қаңтарда Абыралы ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. Жазушының қазақ тілінде 43-тен астам, орыс тілінде 20-дан астам басылымы жарық көрген. Жазушы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Абай облысының Құрметті азаматы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<