Әлем чемпионатында топ жарды

570

0

Алатау бөктеріндегі Ару қала Алматы шаһарында пара қол күресінен өткен 25-ші Әлем чемпионатында жерлесіміз Мухамедияров Азамат 65 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қатарластарының алды болды. Әлемнің 50 елінен 200 спортшы қатысқан жарыс жолының нәтижесі бойынша Азамат жүлделі ІІІ орынды иемденіп, қазақ елінің мерейін үстем етті.

Азаматтың спорттағы жолы 2018 жылдан басталған. Алғаш рет жаттықтырушы Қанаев Талғаттың қол күрес үйірмесіне қатысып бастаған спортшы 2022 жылға дейін облыс біріншіліктерінде жүлдегер, жеңімпаз атанып жүрді. 2023 жылдың қаңтар айында облыстық іріктеуден өтіп, наурыз айында ҚР чемпионатында жеңімпаз атанып Әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Ал әлем біріншілігінің нәтижесімен Азамат жүлдегер атанды.

Бүкіләлемдік ойындарынан біздің паралимпиадашылардың жетістіктері көңіл қуантуда. Бүкіләлемдік додаларда осындай нәтижеге жету осал жетістік емес.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<