Әскери – патриоттық кездесу өтті

816

0

 «Qaisar» әскери-патриоттық жобасы аясында «Жастар Рухы» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалы И.Әбдікәрімов  атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледж студенттеріне арнайы әскери – патриоттық кездесу жиынын өткізді.

Шараның мақсаты – жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарымыздың Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру, салауатты өмір салтын  насихаттау.

Кездесуге Тәжік-ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысушы ардагерлер Марат Орынбайұлы, Сәбит Өтебайұлы, Жандос Амангелдіұлы және Ауған соғысының ардагері Ғалымжан Такенұлы қатысты.

 «Жастар Рухы»ЖҚ Қызылорда қалалықфилиалының жетекшісі Ж.Н.Бекматов жастар арасындағы өзекті мәселелерді шешудің жаңа бағыттарын ұсынды.

– Қазіргі таңда жастарды әскер қатарына тарту жұмыстары бойынша жүйелі жобалар іске асыруды бастап кеттік. Әскери борышын өтеу ‒ Отан үшін жанын салуға бел буған азаматтардың саналы таңдауы,–деді ауған соғысының ардагері Камалов Ғалымжан Такенұлы.

 «Бүгінгі шара өте қызықты өтті. Келген қонақтармен пікір алмасып, көкейіміздегі сұрақтарға жауап алдық. Отанды қорғау әрбір азаматтың борышы. Сондықтан менде әскерде болып, өз міндетімді орындауға әрқашан дайынмын, – деді студент Сәрсембайұлы Ақниет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<