«Аңсаған сәбидің» алғашқы бөбегі

872

0

Облыста  «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша  алғашқы сәби дүниеге келді.  Оның салмағы 3 келі 800 грамм. Ата-анасы 4 жыл  нәтижесіз емделуден кейін жасанды ұрықтандыруға жүгінген.

36 жастағы Жанна Сариева былтыр наурыз айында барлық қажетті құжаттарды жинап, ЭКҰ  жасату үшін Алматыдағы клиниканы таңдаған. Нәтижесінде күткен үміт, жасалған еңбек оң болып, атұстар өмірге келді. Қазіргі кезде ана мен баланың жағдайы жақсы.

Жалпы былтыр осы бағдарлама аясында өңірге 281 квота бөлінген.

–       2020 жылы 44 квота бөлінсе, былтыр 281-і бөлініп,  барлығы  игерілді. Биылға 277 квота бөлінді. Кезекте 720 адам тұр. Кейбір әйелдер 2014 жылдан бастап күтуде, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының әдіскері Мира Мырзаханова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<