Ақтаңдақ жылдардың ақиқаты терең зерттеумен айқындалады

474

0

Кеше Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Сыр өңіріндегі саяси қуғын-сүргін: зерттелуі және мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Хазіретәлі Тұрсын, онлайн байланыс арқылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Рауан Байдалы, облыстық комиссия мен жұмысшы топтың мүшелері қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жылы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия» құрылған еді. Осы мақсатта ғалымдар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқармасында, полиция департаментінің архивінде құпия құжаттарға зерттеу жүргізуде.

Түркістан облыстық комиссиясының мүшесі Хазіретәлі Тұрсын іргелес өңір болғандықтан, кейбір деректер бойынша қызылордалық әріптестерімен бірлесе жұмыс жасалып отырғанын айтты

Сондай-ақ, онлайн байланыс арқылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі Рауан Байдалы, Қорқыт ата университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Сағат Тайман, университеттің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Бақытжан Ахметбек, тарих ғылымдарының кандидаты Айтжан Оразбақов тақырыпқа байланысты ой-пікірлерін білдірді.

Конференцияда көтерілген мәселелер бойынша толығырақ келесі нөмірде жарияланады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<