Архив саласының үздіктері марапатталды

861

0

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М. Абуова архив ісінің озаттары – Қызылорда облысының мемлекеттік архиві Қызылорда қалалық филиалының басшысы Байғараева Жұлдыз Нұрпейісқызына және Сырдария аудандық филиалының І-санатты архивисі Сәметова Рахима Жұмабекқызына салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Архив саласының үздігі» төсбелгісін табыстады.

Әріптестері марапат иелерінің еселі еңбегіне табыс тіледі.
Шара соңында Ж. Байғараева мен Р. Сәметова көрсетілген құрметке алғыстарын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<