Атқарушылық іс жүргізуді қозғау

897

0

Бүгінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің бірі, «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі №221 бұйрығымен бекітілген «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №51 бұйрығымен өзгеріс енгізіліп, жаңа редакцияда 01.03.2016 жылдан бастап қолданысқа енгiзiлді.

«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы жүзеге асырылады.

«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалдық сенімхат бойынша оның өкілі, өкілеттігін растайтын құжат бойынша – заңды тұлғаға) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі төмендегідей болды.

1) осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш;

2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгіну негізіне қарай атқарушылық құжат, судьяның қолымен және соттың мөрімен расталған, заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса сот актiсі негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақ;

 Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес берiлген сот бұйрығы; судьяның қолымен және соттың мөрімен расталған, заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдiк соттардың және төрелiктердің шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы сот актiлерiнiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар;

Судьяның қолымен және соттың мөрімен расталған, заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса төрелік шешiмдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар;

Соттардың талап қоюды қамтамасыз ету туралы немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарымдары;

Атқарушылық жазба;

3) Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгендігі туралы қойылған белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғандығын растау болып табылады.

Жоғарыда аталған стандартқа сәйкес ҚР Әділет министрлігімен қызмет алушылар үшін мемлекеттік қызмет көрсетудің толық тәртібі көрсетілген ақпараттық жадынамалар әзірленген.

 Қызмет алушылармен интернет-ресурстарды пайдалану барысында мемлекеттік қызмет алу тәртібін алу оңай қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аталған жадынамалар Әділет министрлігінің және аумақтық органдардың веб-сайттарында орналастырылған.

З.Ержанова,

                                                                           Қызылорда облысы Әділет департаментінің бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<