Аймағымызда «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағын беру республикалық конкурсы өткізілуде

391

0

Ағымдағы жылдың 1 мамыр – 10 қазан аралығында әлеуметтік қорғау жүйесі мамандарының беделін арттыру, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ең үздік тәжірибені тарату мақсатында «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағын беру конкурсы өткізіледі.

  Конкурс 2 кезеңнен, тоғыз номинация: «Үздік әлеуметтік қызметкер», «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері», «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері», «Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері», «Әлеуметтік саладағы үздік менеджер-ұйымдастырушы», «Үздік МӘМ», «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым», «Медициналық-әлеуметтік экспертизаның үздік қызметкері», «Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы»

бойынша өтеді.

  Конкурстың номинанттарын іріктеу қызмет салалары бойынша халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде жұмыс жасап жүрген қызметкерлер арасында өткізіледі.

  Бірінші кезең (іріктеу) ағымдағы жылдың 1-ші мамыр 1- ші тамыз аралығындағы мерзімде өтеді.

  Екінші кезең (финал) ағымдағы жылдың 1 қыркүйектен 10-шы қазан аралығындағы мерзімде өтеді.

Облыс жеңімпаздардын марапаттаудың салтанатты рәсімі әлеуметтік қызметкерлер күні мерекесіне арналған салтанатты жиында Қызылорда қаласында өтеді.

1 – 10 қазан аралығында 2 кезеңнің қорытындысымен іріктелген номинанттар бойынша Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздар іріктеледі.

Республикада әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлерін марапаттау Астана қаласында 2018 жылдың қазан айының үшінші онкүндігінде өткізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<