Балалар шошқа тұмауымен ауырып жатыр

860

0

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстаулық дәрігерлер желтоқсан айында балалар арасында тіркелген шошқа тұмауының өршуі туралы айтты. Бұл туралы Дәрігерлердің aikyn.kz хабарлады. Айтуынша, облыста аурушаңдықтың шарықтау шегі желтоқсан айының ортасында болған.

«Қоңыраулар саны күніне 200 адамға дейін жетті. Оның ішінде 20-ға жуық бала ауруханаға жатқызылды. Мұндай шиеленіс 16-17 желтоқсанда байқалды. Қазір бізге күніне 60-70 қоңырау түседі. Инфекция өте агрессивті: балаларда жоғары температура болды, оны түсіру қиын болды. Емдеу хаттамасына сәйкес, балаларға вирусқа қарсы препараттар тағайындадық. Екіншілік инфекция қосылып, бактериялық пневмония дамыған кезде антибиотиктер тағайындалады», – дейді көпсалалы балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Ренат Досаев.Дәрігерлер тұрғындарды маусымдық тұмауға қарсы екпеден бас тартпауға, ауруға шалдыққандармен байланыста болған жағдайда вирусқа қарсы препараттарды қабылдауға шақырады.

Сурет: Ана мен бала сайтынан алынды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<