Бақылаушы қызметкерлермен жиын өтті

452

0

Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде бақылаушылардың қызметі зор жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, мекеменің бақылаушылары сотталғандарды қадағалау жұмыстарын және мекемені, сотталғандар жұмысқа орналастырған өндірістік объектілерді, режим талаптары бекітілген, оларға іргелес жатқан аумақтарды күзетеді. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде бақылаушылар қызметі бөлімінің 14 бақылаушысы қызмет атқарады.

Мекеменің бақылаушылар қызметі  сотталғандарды мекемелерден өндірістік объектілерге және кері қарай айдауылдау, сотталғандар орын ауыстырған кезінде оларды күзету, күзеттен қашқан адамдарды іздестіру және ұстау, топтық бағынбаушылықтарды және жаппай тәртіпсіздіктерді тоқтату және  мекеме аумағына адамдардың кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), құжаттар мен бұйымдарды кіргізу (шығару), сонымен қатар ҚАЖ қызметкерлерінің, азаматтардың және өзге де тұлғалардың мекеме аумағына арнайы рұқсаттар бойынша кіру және болу тәртібін ұйымдастыру бойынша өткізу тәртібін жүзеге асырады.

Бүгін мекеменің бақылаушылар қызметі бастығының міндетін атқарушы Ә.Рахманов пен кадр саясаты тобының аға инстекторы әділет капитаны Д.Оспанов  мекеме бақылаушыларымен жиын өткізді.

         Жиын барысында әділет капитаны Д.Оспанов  бақылаушыларға  сыбайлас жемқорлықты болдырмау,алдын алу бағытында түсіндіріп, қызмет барысында қызметтік тәртіпті, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауды назарларына жеткізді. Ал әділет майоры Әзімхан Рахманов мекемеде жазасын өтеуші сотталғандармен байланысқа түспеу керектігін және қызмет бабында  заң аясында жұмыс жасау қажеттігін баса айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<