Батыр есімі ұлықталды

109

0

Қызылорда гарнизонына қарасты Қызылорда қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай әскери қызметшілердің ұл-қыздары арасында қашықтан эссе жазу конкурсы ұйымдастырылды.


Александр Бектің «Арпалыс» кітабы негізінде өткен сайысқа бірқатар оқушылар қатысты. Нәтижесінде кіші сержант Алтынай Аяғанованың қызы Қарақат Құлмағанбеттің жазған эссесі 1 орынға лайық деп танылды.

– «Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуын атап өтудің өзіндік мәнісі бар. Басты мақсат – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, батырлық сезімін қалыптастырып, елін, жерін құрметтеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, – дейді Қызылорда қаласының ҚІЖБ бастығының орынбасары, аға лейтенант Бағдат Ахимбеков.


Сайысқа қатысушы балалар да сый-құрметсіз қалмады. Батырдың өмірі мен шығармашылығын да­мытуға, насихаттауға қосқан үлестері үшін басқарма басшылығы тарапынан алғыс хатпен марапатталды.
Айта кету керек, шара барысында «Батыр Бауыржан» бұрышы жасалып, Баукеңнің қызмет барысы мен өмір жолын суреттейтін еңбектер, батыр туралы айтылған ой-пікірлер қойылды. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлының да өз қаламынан туған шығармалары, нақылға айналған ұтқыр сөздері және батырлық жайлы айтқан пікірлері орын тапты.

Мұхит ҚОНАРОВ,


Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,
сержант

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз