Бес мемлекеттік қызмет көрсетіледі

525

0

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Арал және Қазалы аудандарының жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Zoom платформасы арқылы дөңгелек үстел өтті.

Бәріне белгілі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі болып табылады.

Қазіргі таңда, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бойынша 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Олар:

1. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру;

2. Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру;

3. Су тарту құрылғыларының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу;

4. Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру;

5. Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру.

Бірақ, бүгінгі күнге дейін 2 түрлі мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өтініштер келіп түсуде. Олар «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» және «Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру».

         Дөңгелек үстелде ағымдағы жылдың 26 желтоқсанына дейін, яғни бүгінгі күнге дейін Инспекция тарапынан «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 201, «Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беруге»19 өтініштер түсіп,барлығы 220 мемлекеттік қызметкөрсетілгені аталып өтті. Сонымен қатар,мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) оларда қамтылған деректердің дәйексіздігі анықталған және талаптарға сәйкес келмеген 58 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге уәжді түрде бас тартылғаны мәлімделді.

Уәжді түрде бас тартылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша келіп түскен өтініштерде көбінесе Қызылорда облысы бойынша берілген өтініштерде жыл басынан өсу ретімен бағанындағы ақпараттар, қалған квота (тонна) бағанасы дұрыс толтырылмауына байланысты.өтініште торта балығының орнына қаракөз балығы болып енгізілуіне байланысты және тағы осы сынды ақпараттардың дұрыс енгізілмеуіне байланысты болған.

Дөңгелек үстелде табиғат пайдаланушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<