БІЛІКТІ МАМАН – СЕНІМДІ КАДР

403

0

Жуырда «Мемлекеттік қызметшілерді жаппай құ­қық­тық оқыту» тақырыбында семинар өтіп, оған қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Бүгінде «Қазақстан Республи­касы Президенті жанындағы Мем­ле­­кеттік басқару академиясы» рес­­публикалық мемлекеттік қазы­налық кәсіпорнының облыс бойынша филиалы «ҚР 2010 жыл­дан 2020 жылға дейінгі ке­зең­ге арналған құқықтық саясат» тұжы­рымдамасына сәйкес мем­ле­­кеттік қызметшілерге жаппай құқықтық семинар ұйым­дас­ты­руда. Аталған жиында норма шығармашылығы қызметін же­тіл­­діру, әкімшілік құқық бұзу­шы­­лық және әкімшілік жауап­кер­­­шілік кодексі, бюджеттік ко­декс­тегі өзгерістер, төртінші дең­­­гей­лі бюджетті енгізу мәсе­ле­лері, мемлекеттік сатып алуды ұйым­дастыру және басқару тәсіл­дері, еңбек құқықтық қатынастары тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Биыл мемлекеттік сатып алу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Мем­лекеттік сатып алу заңнамасында өзгерістер болған жағдайда алдымен тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден сатып алу тәсілдері қысқартылмақ. Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап төртінші деңгейлі бюджет енгеніне байланысты заңда өзгерістер орын алады.

Семинар барысында мем­ле­кеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәжірибелік дағдыларын түсіндірумен қатар, әкімшілік-құқықтық нормалардың мазмұны, бюджеттік жоспарлаудың қолда­ныстағы практикасы талқыланды.

Айдана ЖҰМАДИНОВА,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<