Бөтен нөмірге қайта хабарласу қауіпті

157

0

Сарапшы бөтен нөмірге қайта хабарласу қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Прайм» агенттігіне цифрлық сараптама орталығының жобалар жөніндегі менеджері Сергей Бодров: «Өзіңізге таныс емес нөмірлерге, тіпті ол сіздің өз нөміріңіз болса да ол нөмірлерге қайта хабарласудың қажеті жоқ. Бұл алаяқтар қолданатын әдістердің бірі», дейді ол.

Сарапшының айтуынша, жалпы алаяқтар кез келген нөмірлерді қолдануы мүмкін. Жедел қызмет нөмірлерінен бастап банктің қолдау қызметіне немесе басқа арнайы нөмірлерге дейін. Мәселен, ол нөмірді сосын ауыстыру үшін олар IP-телефонияның арнайы қызмет түрін қолданып, браузердегі сервис арқылы қоңырау шалып, нөмірді ауыстыра алатынын ескертті.Осыған байланысты маман ақшаны жымқыруға тырысатын алаяқтардан сақтану үшін бірнеше ережені ескеру керегін айтады. 

«Ең бастысы және маңыздысы, сарапшының айтуынша, бөтен нөмірлерге ешқашан қайта қоңырау шалмау керек, тіпті ол сіздің нөміріңіз болып шықса да. Екіншіден, жасырын нөмірден хабарласатындарды анықтау үшін нөмірді анықтай алатын арнайы бір бағдарламаны орнату керек. Бұл сізге алаяқ немесе телемаркетолог хабарласып тұрғанын көруге мүмкіндік береді. Сізден телефон арқылы банк картаңызға қатысты мәліметтерді сұраса, телефонды қойып, банкке қоңырау шалыңыз» деп кеңес берді Сергей Бодров.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз