Біз таза қалада өмір сүруді таңдаймыз!

300

0

Елбасы мақаласында айтылған экологиялық өмір салтын қалыптастыру идеясын «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығы қолдайды. Осы орайда Қауымдастық облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында  «Біз таза қалада өмір сүруді таңдаймыз!» тақырыбында акция өткізді. Мақсаты – қаланы көркейту жұмыстарын арттыру, тұрғындардың экологиялық өмір салтын сақтап, өзі тұратын жерді қадірлеуіне, таза ұстауына үндеу, қоршаған ортаға деген қамқорлықты еселеу.

Акция  қаламыздағы С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінен бастау алды. Бақша құрал-саймандарын сайлап келген студенттер мен оқытушылар колледж ауласына ағаш отырғызды.

Белгіленбеген жерге қоқыстарды тастау, темекі қалдықтары мен шөлмектерді лақтырып кету, шемішкі қабықтарын шашып, орындықтар мен қоршауларды бүлдіру көбінесе адамдар көп шоғырланатын орындарда кездеседі. Осы орайда акция қаланың орталық аймақтарында әрі қарай жалғасты.

Акцияға қатысқан тәртіп сақшылары ҚІІБ Жергілікті полиция қызметкерлері қоғамдық орындарды ластап,  тазалық тәртібін бұзғандар үшін әкімшілік жауапкершілік белгілейтін заң ережелерін түсіндірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<