Дерек пен дәйек

359

0

Кейінгі 10 жылда облыс әкімінің грантын 1249 студент иеленген. Оның 764-і оқуды бітіріп, 548-і жұмыспен қамтылған, 124-і жұмыспен қамтудың

белсенді шараларына тартылған.

Биыл 170 студент оқуды аяқтап, диплом алған. Олар жұмыс іздеуші ретінде тіркеуге алынып, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы, «Ұрпақтар сабақтастығы» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша

 жұмыспен қамтылады.

Биылға облыс әкімінің 100 гранты, оның ішінде: білім саласына (денешынықтыру және спорт – 2, орыс тілі мен әдебиеті – 5, математика – 7, шет тілі пәндерінің мұғалімі – 5)  24, ауыл шаруашылығы саласына (су ресурстарын басқару) 5, өндірістік және өңдеу салаларына (азық-түлік өнімдерінің технологиясы) 5, инженерия және инженерлік іс саласына (инженер-энергетик – 5, жылу энергетикасы – 5)  10, ветеринария саласына (ветеринар дәрігер) 5, журналистика және ақпарат саласына (журналист) 5, әлеуметтік ғылымдар бойынша (дінтанушы – 5, әлеуметтанушы – 5, саясаттанушы – 3) 13, мәдениет саласына (дәстүрлі музыка өнері) 3, денсаулық сақтау саласына (жалпы тәжірибелі дәрігер) 30 грант бөлінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<