ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

316

0

Қандай істің болмасын көзделген мақсаты айқын болса, оған жететін жолы да ашық болады. Елбасының әр жылғы Жолдауы – стратегиялық маңыздылығы айқын және нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы «Қазақстан-2050» даму стратегиясына, 100 нақты қадам Ұлт жоспарына негізделіп, 30 озық мемлекет қатарына қарай тұрақты түрде ілгерлеуге лайықталған 10 негізгі міндетті белгіледі. Жолдау өнеркәсіпке жаңа технологияларды енгізу, ресурстарды тиімді пайдалану, агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру, көлік – логистикалық инфрақұрылымды дамыту, құрылыс және коммуналдық секторына  жаңа заманауи технология қолдану, қаржы секторын жаңғырту, адами капиталды дамыту, мемлекеттік істі тиімді басқару, жемқорлықпен күресу, «ақылды технология» енгізу секілді ел дамуының әр саласындағы өзекті мәселелерімен қамтылған.        
Елбасы жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екенін және қазақ елі индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу үшін цифрлы технологияны жетік меңгеру – басты міндет екендігін атап өтті. Дүниежүзінің дамыған елдері секілді елімізде қызмет көрсетудің біртіндеп электронды саласына көшу бағытында мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсету жүйесі қалыптасқан. Электронды қызмет көрсету – қазіргі заман талабына сәйкес «электронды үкімет», «электронды портал» жүйелері арқылы электронды түрде жүргізілуде.
Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауы – еліміздің қарыштап даму бағдарын айқындап, жаңа мақсаттар мен міндеттердің, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып болашаққа деген сенімді нығайтары сөзсіз.
Н.Бодыбаев,
Әділет департаментінің бас маманы,
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<