Футболдан турнир өткізілді

976

0

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының чемпионы және каратэ-додан қара белбеу иегері Ернұр Ақылбекұлын еске алуға арналған шағын футболдан турнир өткізілді.

Турнир қорытындысы бойынша командаларға спорт бөлімі тарапынан мадақтама грамоталары мен медальдар және кубоктар табысталды.

Сонымен қатар марқұмның достары І орынды жеңіп алған командаға 50 000 теңге, ІІ орынды иемденген командаға 30 000 теңге, ІІІ орынды иемденген командаға 20 000 теңге ақшалай сыйлық үлестірді. Өзге де спортшылар түрлі номинациялармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<